Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

390
Бүгін — кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні.
Жамбыл ауданындағы 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады.
Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады.
Қазірдің өзінде алғашқы сайлаушылар дауыс беруді бастады.

САЙЛАУ КҮНІ ТУҒАН ӘЖЕ ДАУЫС БЕРДІ

Сайлаушылар арасында тарихи сәтте туған күні тіркелген азаматтар бар. Соның бірі 1947 жылы туылған 75 жастағы Кемелбекова Калбуби Ш.Ниязбеков ауылындағы №164 сайлау учаскесіне туған күні келіп, таңдауын жасады.

Туған күні кейуанаға бағалы сыйлық берілді.

 

АЛҒАШҚЫ ЖҰП ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Бүгін кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауында Жамбыл ауданында сағат 07:00-ден бастап, 35 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Соның ішінде ерлі-зайыпты Ақжігіт пен Айзат ең алғаш дауыс беруші болып тіркелді.
— Өткен жылдары бір өзім сайлауға барып, таңдауымызды жасаушы едік. Бұл жолы серігіммен бірге өзіміздің №176 сайлау учаскесіне барып, ең алғашқы болып дауыс бердік. Үйдегілер арнайы сайлауға дайындалған автобусқа көрші-қолаңмен бірге келе жатыр. Аудан тұрғындары саяси науқанда өз таңдауларын жасап, белсенділік танытады деп ойлаймын, — дейді Ақжігіт Жетпісбайұлы.
50 жыл бұрын отау құрған ата-әже өз таңдауын жасады
Бүгін — елімізде тарихи күн. Қазақ халқы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуда.
Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады.
Сайлаушылар арасында Аса ауылының тұрғыны 1946 жылы туған Қаңғелді Сүгіров өзінің серігімен бірге дауыс берді.
— Бүгін 50 жыл бұрын отау құрған серігіммен бірге №167 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ел-жұрт аман болсын! Елімізде бейбітшілік болсын, — деген Қаңгелді Мырзақұлұлы батасын берді.
САРБАЗДАР САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауына сарбаздарда өз дауысын беруде. Бүгін Жамбыл ауданындағы 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады.
Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылындағы №148 сайлау учаскесіне заставадан 68 сарбаз өз таңдауын жасады.
АЛҒАШҚЫ ЖАС ДАУЫС БЕРУШІ – СҰЛУТӨР АУЫЛЫНДА
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауында Жамбыл ауданында алғашқы дауыс беруші жас тіркелді.
Таңғы сағат 07:00-ден басталған саяси науқанға Қарой ауылдық округіндені №157 сайлау учаскесіне келген Султанов Максат Маратұлы алғашқы рет берген жас екені анықталды.
Жалпы сайлау учаскесінде 1968 сайлаушылар бар.

 

АҚСАҚАЛ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде.
Шайқорық ауылындаңы №163 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны 2367 азаматты құрайды. Елдің ертеңгі Президентін анықтайтын нюсаяси науқанға тұрғындар белсене қатысуда.
Таңдауға ауыл ақсақалы Оңғарбаев Рәбiн келіп, таңдауын жасап, учаскенің алғашқы дауыс берушісі болып тіркелді.
АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІГЕ — СЫЙЛЫҚ
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы таңғы 07:00-ден басталды. Жалпы Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі бар.
Бүгін Өрнек ауылындағы №177 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілер анықталды.
Соның бірі этнос өкілі Рахсыбай Сүлейменов, Ернар Әдір, Қарашаш Мұсабекова өз таңдауларын жасады.
Алғашқылардың бірі болған тұрғындарға арнайы сыйлық үлестірді.

 

 

 

АУДАН ӘКІМІ ОТБАСЫМЕН ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы да @erlan_qydyralyuly отбасымен бірге №166 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.
— Тарихи сәтке әр азамат атсалысқаны жөн. Бүгін отбасыммен бірге өз сайлау учаскеме келіп, дауысымызды бердік, — дейді аудан басшысы.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.