Сәтбаев қаласында қаруланған радикалды діни топ ұсталды

647

Қарағанды облысында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында радикалды діни топтың       іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды. Аталған тұлғаларға лаңкестік топ құрды және оның әрекеттеріне қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттады деген күдік келтірілуде», — делінген таратылған хабарламада.

Мәлім етілгендей, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.