Мемлекеттік корпорация БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды

112

16 қараша күні БАҚ-та жалған техникалық паспорттар сатқан МХҚО қызметкері туралы хабар тарады.

Мемлекеттік корпорация бұл ақпаратты растамайды. Ұсталған азаматтар Ахметова И. және Қанатбай М. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиал қызметкерлері болып табылмайды.

Мән-жайды анықтау барысында Қанатбай М. өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке тұлға аумағында кеңсе тауарларын сату, фотокөшірмелер және фотосуреттерді басып шығару бойынша қызмет көрсететіні анықталды.

Аталған тұлғалар өз қызметтерін ХҚО-ға жақын жерде көрсеткендіктен Жамбыл облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған адамдардың жұмыс орнына қатысты теріс мәлімет берді.

Қазіргі таңда Шу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету бөлімінің барлық қызметкері штаттық режимде жұмыс істейді, олардың оқиғаға қатысы жоқ.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.