Облыс әкімі Шу ауданында пилоттық жобаның орындалу барысын тексерді

166
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапары кезінде облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаның орындалу барысын тексерді.

Жаңақоғам ауылдық округінде болған аймақ басшысына жоба аясында құрылған «Омар Шу» ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы баяндалды.

Жобаның бес бағыты бойынша аталған ауылдық округ тұрғындарынан түскен 192 өтінім қаралып, жалпы көлемі 778 миллион 188 мың теңге жеңілдетілген несие берілген. Нәтижесінде ауылдықтар үй іргесіндегі 100 гектардан астам жерді тиімді игеріп, табыстарын арттыра түскен. Бұдан бөлек 189 ауыл тұрғыны 610 миллион теңгеге 4692 бас мал сатып алған. Сондай-ақ, кооператив 15 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен қамтылған.

Нұржан Нұржігітов жобаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, шағын жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Аудан көлемінде бірде-бір сүт өңдеу кәсіпорнының жоқтығына назар аудартты. Өнімдерді делдалсыз тікелей өткеру жұмыстарын үйлестіруге де көңіл бөліп, бұл тұрғыда ауыл әкімдеріне көп жауапкершілік артылатынын айтты.

Айта кетейік, пилоттық жобаның екінші кезеңіне аудандағы Бірлікүстем ауылдық округі еніп, бүгінде дайындық шаралары қызу атқарылуда.

Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарының сонында «Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылатуға негізделген құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысы жобаның күрделі әрі маңызды екенін ескертіп, жауаптыларға құрылыс жұмыстары сапалы жүзеге асу керектігін жеткізді. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап су қорын барынша жоғары деңгейде қалыптастыру бойынша жұмыстарды қолға алу қажеттігін баса айтты. Жинақталған ылғал вегетациялық кезеңде шаруаларды қажетті сумен қамтуға, тапшылықты болдырмауға мүмкіндік бермек.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.