ТАРАЗДА КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

665
 Бүгінгі таңда облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді-мекендердегі халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында «Мобильді ХКҚО» жобасы іске асырылуда. Ал ағымдағы жылдың 10 айында фронт-офистер арқылы 655 299 қызмет көрсетілсе, оның 2 547 қызмет электронды негізде көрсетілген.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингке арнайы қатысқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпрорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбековтың сөзінше, жоспарға сәйкес, өңірімізде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында сауда орталықтарында, базарларда, мемлекеттік мекемелерде, білім беру мекемелерінде 211 592 азаматқа оқыту жүргізіліпті.
❗️ — 2022 жылдың 10 айында филиал тарапынан бекітілген қызметтік көліктер арқылы «Жылжымалы халыққа қызмет көрсету бойынша» мобилді топ аудандардағы шалғай орналасқан ауыл-аймақтарға жалпы 613 шығулар жүзеге асырды. Осылайша, 10 119 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 10 айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1 190 шығу жүзеге асырылып, 1 433 қызмет көрсетілді,- деді Данияр Түзелбекұлы.
©️©️©️
✅ Жиын соңында спикер қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында филиалда тарапынан іске асып жатқан шараларға тоққталды. Оның сөзінше, ағымдағы жылдың 22 қазанынан бастап ресми түрде Тараз қаласында көші-қон қызметтері орталығы өз жұмысын бастаған. Сондай-ақ, «New Con» жобасын іске асыру жөніндегі хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында 11 қарашада Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында цифрлық кеңсе өз жұмысын бастапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.