Отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірленіп жатыр.
Биылғы 10 айда кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған.
Бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрлерін тәркіледі.
36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірткілерді жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған Кешенді жоспар әзірленіп жатыр.
«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заң әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
_________________________________________
Из доклада министра внутренних дел Марата Ахметжанова, представленного Главе государства:
Разрабатывается комплекс мер по усилению ответственности за совершение насилия в семейно-бытовой сфере.
За 10 месяцев текущего года было снижено убийств, изнасилований, разбоев, грабежей, скотокрадств, а также преступлений, совершенных ранее судимыми, в состоянии опьянения и в семейно-бытовой сфере.
Пресечена деятельность 33 ОПГ, специализировавшихся на вымогательствах, торговле людьми, незаконном обороте оружия, наркотиков и других преступлениях.
Из незаконного оборота изъято порядка 12 тонн наркотиков, в том числе 212 кг синтетических видов.
Ликвидированы 36 нарколабораторий и 43 наркоканала, заблокировано 1900 сайтов с рекламой наркотиков.
Разрабатывается Комплексный план по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на трехлетний период.
Ведется работа по разработке отдельного Закона «О противодействии торговле людьми».
По итогам встречи Глава государства поставил ряд конкретных задач по обеспечению безопасности граждан и правопорядка в стране.
t.me/bort_01