Енді аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері де сайланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңдарға жария түрде қол қою рәсімінде осылай деді.
«Енді Мәжіліс пен облыстық мәслихат депуттарының бір бөлігі, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты округ бойынша сайланады. Соның нәтижесінде өкілді органдар шынайы халық билігі тармағына айналады. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері де сайланады. Бұл – ауыл әкімдерін сайлаудың логикалық жалғасы әрі мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруға ұмтылысымыздың нақты айғағы», — деді Мемлекет басшысы.
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы