Полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда қоқыс тастағандарды бейнебақылау камералары арқылы табуда
Мәселен, Шу қаласында қоқысты белгіленбеген орындарда тастаған тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар банк чектері, түбіртіктектер, балаларына тиесілі дәптерлер, сондай-ақ, бейнебақылау камералар арқылы да анықталды.
Олар өз кінәсін толық мойындап, тастаған қоқыстарын жинап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Барлығына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434- бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Аталған баппен 5 айлық есептік көрсеткіште(АЕК), яғни 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Егерде, 1 жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанып жасалынса -10 АЕК немесе 30 630 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге алып келеді.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында құрылыс нысандарының басшыларымен іргелес аумақтарды таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.