Н.Нұржігітов:Жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау шараларына толық дайын болуға тиіспіз

176
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте автобус маршруттарын жетілдіру және жолдардың қыс мезгіліне дайындық мәселелері қаралды.
Басқосуда баяндама жасаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков алдымен автобус маршуттарына қатысты жағдайды баяндады.
Ол басқарма тарапынан – облысаралық 13 маршрут, ауданаралық 25 маршрут ұйымдастырылғанын жеткізді.
✅Облыс әкімі кейбір кемшіліктер бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен жауаптар алып, қоғамдық көлік қозғалысын реттеуді тапсырды. Әсіресе, Тараз қаласына қатысты көп сын айтылатынын ескертіп, 15 шағын аудан бойынша маршруттарды шешу мәселесін жеделдету қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысы 2025 жылға дейін барлық елді мекен қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілу керектігін атап өтті.
Жиында облыс аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау шараларына дайындық мәселелері де қаралды.
Ағымдағы жылдың 27-29 қазан аралығында аталған басқармамен автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығына зерделеу жұмыстары жүргізілген.
☑️Жалпы жергілікті маңызы бар жолдарды 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 189,0 млн.теңге бөлінген. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тарту жоспарланған. Бүгінгі таңда, анықталған мердігерлермен 186 бірлік жол техникасы мен жабдықтар, 7010 тонна құм, 890 тонна тұз дайындалған.
Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға күтіп ұстау жұмыстарын үздіксіз, қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, қажетті инертті материалдар қорын 100 пайыз дайындауды, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру барысында техникалық ерекшеліктеріне, әлеуетті өтінім берушілердің жабдықталған материалдық және техникалық базаларының болуына талап қоюды, қыс мезгіліндегі қажетті инертті материалдарды жабық бастырмаларда сақтауды қамтамасыз етуді, барлық жолдарға қыс маусымында қойылатын уақытша жол белгілерін орнатуды қамтамасыз етуді міндеттеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.