Екі айда 250 ұялы мұнара: Kcell байланыс сапасын жақсартты

171

Жыл соңына дейін оператор 300-ге жуық жерде базалық станцияларды орнатып, жаңартуды жоспарлап отыр.

Оператордың хабарлауынша, 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында 58 жаңа базалық станция орнатылып, 191 мұнарада жабдықтар жаңғыртылды. Осылайша, оператор екі айдың ішінде 250-ге жуық жеке инфрақұрылым нысандарында байланыс сапасын жақсартты. Жұмыстар Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында өтті.

Kcell мәліметінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кейбір жерлердегі 4G жылдамдығы 50 пайызға артты. Компания мамандары бұл көрсеткіш интернет-трафикті тұтынудың айтарлықтай өсуімен расталатынын айтады — қыркүйек айында ғана жұмыстармен қамтылған аймақтарда бұл көрсеткіш орта есеппен 8 пайызға өсті. Бұл өз кезегінде деректерді беру жылдамдығының артуымен абоненттер жоғары шешімді бейне-контентті көбірек тұтына бастағандығымен түсіндіріледі.

Бұрын орнатылған жабдықты жаңарту кезінде оператордың мамандары жабдықтың өткізу қабілетін арттыратын, сондай-ақ деректерді 4G LTE арқылы неғұрлым өнімді және тұрақты беруге мүмкіндік беретін MIMO технологиясын пайдаланды. Бұдан басқа, компания Band Expansion — жаңа LTE қабатын қосу есебінен 4G жылдамдығын арттыру тәсілін қолданды.

Жарнама құқығында.

https://stan.kz/eki-ayda-250-yyali-mynara-kcell-baylanis-sapasin-zhaksa-372607/

Leave A Reply

Your email address will not be published.