1,1 МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТАМ ПИЯЗ ЖИНАЛДЫ

216
Жамбыл облысында еліміздегі пияздың 75 пайызы өсіріледі. Ал, бұл дақылдың егіс көлемі соңғы 5 жылда 10 мың гектарға артып отыр.
Жалпы өткен жылы облыста 24,5 мың гектарға пияз егілсе, биыл 25,0 мың гектарға егілді. Оның ішінде Шу ауданында – 13,1 мың гектарды, Жамбылда — 5,6 мың гектарды, Қордайда — 3,8 мың гектар және Байзақта – 1,8 мың гектарды құрайды.
Ағымдағы жылы аймақта егілген пияз дақылының 20 мың гектарына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 3 мың гектарға артты.
Облыста 1 100-ге жуық шаруашылық пияз өсірумен айналысады. Бүгінгі күні пияз жинау жұмыстары аяқталып, 1 153,0 мың тонна өнім жиналды және әр гектардан алынған орташа өнім 460,9 ц/га құрады.
Қазіргі уақытта 800 мың тоннадан астам пияз өткерілсе, 340,0 мың тонна өнім қоймаларға сақтауға қойылған.
Жиналған өнім облыс тұрғындарының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің бірқатар облыстарына және Ресейдің қиыр шығысынан бастап, Европа одағына дейін экспортталуда.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.