ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА «КӨШІ – ҚОН ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

229

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА «КӨШІ – ҚОН ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Бүгін «25 қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесі қарсаңында салтанатты түрде «Көші – Қон қызметтері орталығының» ашылуы өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.А.Сұлтанхан және Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков қатысып қайтты.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету әрбір мемлекеттік қызмет көрсетушілердің міндеттері болып табылатыны бәрімізге белгілі.
Жаңа қызмет орталығының ашылу осы бағытта мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін бір жерге шоғырлануы, қала тұрғындарымен қонақтарының уақыттарын үнемдей отырып қолайлы жағдай туғызады деген сенімдеміз.
Сонымен қатар, Департамент басшысы Шәкір Асылханұлы жаңа ашылған орталықта азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.