Батыр ескерткіші ашылды

196

Қордай ауданыны аумағынан өтетін Алматы-Бішкек тас жолының 202 шақырымында қалың Дулат елінің Жаныс руынан шыққан Сырымбет батыр Бұқарұлына ескерткіш тас орнатылды. Атақты «Орбұлақ» шайқасында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр ескерткішінің ашылуына ел ағалары, атқамінер азаматтар көптеп жиналды. Салтанатты лента қию рәсіміне аудан әкімі Мәден Мұсаев қатысты.

Осыдан кейін Қордай ауылыдағы тойханалардың бірінде үлкен ас беріліп, онда жазушы Марал Сқақбай, «Дос Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов және жалпы ескерткіштің ашылуына мұрындық болған, демеушілік көрсеткен жандар жиналды.

Онда ел бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы туралы әңгіме өрбіп, аталмыш шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, Марал Ысқақбай мен Жандарбек Қарабасовтың кітаптары көпшілікке тарту етілді.

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.