ҚОРДАЙДАҒЫ МАРАПАТ

159
Бүгін ауданымызда 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға аудан басшылығы, еңбек ардагерлері мен туған жердің дамуына атсалысқан азаматтар жиналды. Аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің театрландырылған қойылымымен ашылған салтанатты шара аудан басшысы Мәден Мұсаевтың құттықтауымен жалғасты.
«Тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген елімізді бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Біз мұны зор мақтаныш сезімімен айтамыз. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары орасан. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің ел болып қалыптасуына, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінде Қордай халқының қосқан үлесі зор», — деп жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтаған Мәден Тоқтарбайұлы алдымен бірқатар көп балалы батыр аналарға Алтын алқаларын табыс етіп, одан кейін ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге, қазіргі таңда еңбек етіп, ел экономикасын алға сүйреп жүрген жандарға «Қордай ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті. Құттықтаулар легіне аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов та қосылып, жүрекжарды тілегін жеткізіп, бірқатар жандарға марапат ұсынды.
Салтанатты кеш аудан өнерпаздарының тамаша концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.