САРЫСУДАҒЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

233
25 қазан – Республика күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Сарасу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес зор үлес қосқан азаматтарға Жамбыл облысы әкімі Н.Нұржігітовтің, аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтің, аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиевтің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастырумыен патриоттық рухтағы мерекелік концерке ұласты.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев араға 13 жыл салып, 25 қазан күнін Республика күні ретінде қайта бекітіп, Ұлттық мереке мәртебесі берген болатын.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.