Депутаттар Бас прокурорға Мухоряповты жауапкершілікке тарту туралы хат жолдады  

204

Мәжіліс депутаттары Бас прокурор Берік Асыловқа Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряповты еліміздің Қылмыстық кодексіне сай жауапкершілікке тарту туралы хат жолдады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қоғамдағы қазіргі туындап отырған жағдайлар  Мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдаудың уақыты келгенін де көрсетіп отыр.

Қазақстанның мемлекеттік тілінде сөйлеудің «мәдениетсіздік»  екенін айтып, қоғамда дау туғызған Р. Мухоряповқа заң аясында шара қолдану жөніндегі депутаттық сауалды, Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының бірнеше мүшесі қол қойып, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов мырзаға жолдады» деп жазды Жаңбыршин.

Депутаттар Бас прокурорға Мухоряповты жауапкершілікке тарту туралы хат жолдады

Leave A Reply

Your email address will not be published.