Тазалық акциясына Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, аудан жастары мен еріктілері қатысты.
Барлығы 500-ге жуық ауыл азаматтары қатысқан іс-шарада 10 га аумақ тазаланып, 5 тонна қоқыс заттары шығарылды. 1 га аумаққа 225 жас көшеттер отырғызылды.