ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

206
Облыс әкімдігінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті іске асырып жатырған жобалары таныстырылды. Басты мақсат, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған ақпараттық мүмкіндіктерді мемлекеттік органдардың кеңінен пайдалануға жағдай туғызу. Осы мақсатта алқалы жиынға облыстық басқарма, департамент басшылары қатысып, маңызды мәліметтерге қанықты.


Көрсетілген жобалардың бірі, апаттылық картасы және Қылмыстық құқық бұзушылық картасы.

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша басқармасының өкілдерінің атап өтулерінше, апаттылық картада адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары бойынша статистика көрсетіледі.

Карта жергілікті атқарушы органдар, жол полициясы қызметтері, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ үшін апаттылықтың алдын алу және азайту, қажетті жол белгілері мен таңбаларды орналастыру мақсатында уақтылы шаралар қабылдау, апатты учаскелерді уақтылы жөндеу, сондай-ақ тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдауды талдау үшін пайдалы.

Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттің сайтынан «qamqor.gov.kz» «Ақпараттық сервис» бөлімінде көруге болады. Ол үшін «геоақпараттық жүйелер» терезесіне өту, «ЖКО» қосымша бетін таңдау, сондай-ақ уақыт пен өңірдің қызықтыратын параметрлерін орнату қажет.

Сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық картасында елде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар белгіленеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылыққа ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді».

Жасалған қылмыстар туралы деректер тәулік уақыты мен маусымдылығы бойынша көшелер мен үйлерге дейін онлайн режимінде қолжетімді.Мұндай ақпараттың өзектілігі аймақтың немесе нақты үйдің қаншалықты қылмыстылық деңгейін білуге мүмкіндік береді.Карта интернеті бар кез-келген адамға қол жетімді. Егер интернет болмаса, онда Карта Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы жұмыс істей алады.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.