Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды

145

Малайзия Димаштың концертін кейінге қалдырды деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы мәлімет Instagram-дағы @acomedia.one парақшасында жарияланды.

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің концерті Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өтетіні айтылған болатын. Әншінің шоу концерті 19 қараша күні өтетіні айтылса, билеттер сатылымы 21 қазанда Ticket2U сайтында басталу керек болған. Алайда Малайзияда өтетін сайлауға байланысты шоу кейінге қалдырылған.

Аcomedia.one мәліметіне қарағанда, Димаш Құдайбергеннің концерті өткізілетін күн қараша айында хабарланатын болады.

Концерттің кейінге шегерілгені туралы жазбаға әншінің фанаттары пікір қалдырған. Олардың бірі осы концерт үшін алған ұшақ билеті мен қонақ үйдегі орнының ақысы қайтарылмайтынын айтып, өкінішін білдірген.

https://turkystan.kz/

Leave A Reply

Your email address will not be published.