ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

139
Бүгін жоспарға сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым. Жалпы, дәстүрге айналған қоғамдық қабылдаулардың ең негізгі міндеті − тұрғындардың өтініштерін қарап, олардың оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету болса, бүгінде бұл үде орындалып келеді.
Жеке мәселелерімен қайырылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік жағдайға қатысты сауалдарын жолдады.
Одан бөлек, жол, жұмыспен қамту және денсаулық саласына қатысты түйткілдер де көтерілді.
Көмек сұрай келген әрбір тұрғынның өтініші жеке-жеке зерделеніп, жуық арада нақты шешімдер қабылданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.