ЖУАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

132

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған ақпараттық топ мүшесі Ермек Абдиваитов #16-ы «Жуалы» колледжінің білімгерлерімен кездесті.

✅Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы айтылды.

✅Жолдауда айтылған бес басым бағдарда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді.

✅Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға атсалысып, бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

 

Бақытжан Бекболат
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық

филиалының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.