ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА 800 БАС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕДІЛБАЙ ҚОЙЫ ӘКЕЛІНДІ

177
«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» демекші, қазір аймақта асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытып және одан толағай табысқа кенеліп отырған шаруалар аз емес.
Осындай шаруалардың қатарына енді Меркі ауданындағы «Ниет» шаруа қожалығы енбекші. Себебі, бұған дейін егін шаруашылығымен айналасып келе жатқан қожалық асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алуда.
Осы аптада аталған шаруашылық Ұлытау облысынан 800 бас асыл тұқымды Еділбай қойын әкелді. Оның 700 басы тұсақ, 100 басы тоқты. Барлығы аналық бас.
— Қой майда болғанымен, пайдасы едәуір көп. Кисең киім, жесең тамақ болатын қой шаруашылығының берері көп. Мұндағы бар мақсатым мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын дамыту. Көзін тапқан адамға кәсіп – нәсіп алып келеді, — дейді «Ниет» шаруа қожалығының басшысы Тәуіржан Алтынбаев.
Меркі ауданының тұрғындары бұл іске қуанып, оң көзқарас танытып отыр. Адал еңбекпен айналысқан адам көздеген мақсатына жетеді деген осы.
Айта кету керек, облыста бүгінгі күні 3,3 млн. бас қой болса, ондағы асыл тұқымды қойдың үлес салмағы 28,3% құрайды. Ал, асыл тұқымды қой өсірумен 993 шаруашылық айналысса, онда 414 мың бас қой бар.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.