БІРЛІК – ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

156

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  астам  ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. Түрлі ұлт өкілдері бейбітшілікте әрі келісімде бір шаңырақ астында өмір сүріп және бірлесе отырып, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып келеді.

Елімізде бейбіт өмір, тұрақты даму бар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері мұны жақсы ұғынады.

Біздің  ауданының халқы да – өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауданда отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуы жолында аянбай еңбек етуде.

Ауданымызда да өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін жаңғырту мен сақтауда бірқатар шаралар атқаруда. Бұл бағытта ауданда қазақ, славян, неміс, күрді, қырғыз, өзбек және кәріс этно – мәдени орталықтары жұмыс істейді.

“Бірлік бар жерде – тірлік бар” – деген дана халқымыз. Аудандағы этно – мәдени орталықтардың өкілдері аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатыр.

Ауданымызда ең көп шоғырланған өзге ұл өкілдері Түркістан ауылдық округіндегі Арыстанды ауылында. Облыстағы этнос өкілдері көп шоғырланған 25 елді мекеннің бірі осы Арыстанды ауылы. Бұл ауылда қазіргі таңда 305 күрді ұлтының өкілдері тұрып, мамыражай тірлік кешіп жатыр.  Бірлікті ту етіп, еңбектің қазанын қайнатқан Арыстанды ауылында игілікті шаралар жиі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ауданда кең көлемде аталып өтетін Тәуелсіздік күні, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекелері, 1 наурыз Алғыс айту күні, 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні сияқты татулықты пен бірлікті насихаттайтын мерекелер мен өнер фесивальдеріне ат салысып, өз өнерлерін паш етіп келеді.

Біздің ең үлкен байлығымыз бұл — бірлігіміз.  Біз осы ұранмен тек алға қарай дамып, халқымызбен бірге берекелі қоғам құру жолындағы мақсаттарымызды іске асыратынымызға кәміл сенеміз.

 

Асан Тілемісов, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.