ЖАМБЫЛДЫҚ ШАРУАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

351
Қазан айының 12-14 күндері аралығында Астана қаласында өткен «KazAgro/KazFarm-2022» Халықаралық аграрлық көрмесі аясында ұйымдастырылған Қазақстан өсімдік өсірушілерінің екінші республикалық слетінде облыстың егін шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, агро саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің наградаларына ие болды.
Атап айтқанда Байзақ ауданындағы «Байжанова Н» шаруа қожалығының басшысы Несіпкүл Байжанова «Еңбек ардагері» медалімен, Жуалы ауданындағы «Ахмет» шаруа қожалығының басшысы Сұлтан Ахметов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен Меркі ауданындағы «Ниет»шаруа қожалығының басшысы Тәуіржан Алтынбаев және Шу ауданындағы «QyzylshaZher» компаниясының бас агрономы Бақыт Сейітмұратов марапатталса, Қордай ауданындағы «Самғау» шаруа қожалығының басшысы Евгений Трубников пен Жамбыл ауданындағы «Тастөбе» шаруа қожалығының басшысы Жақсынбек Жамансариевке Алғыс хат табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.