2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясының шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігін иеленген.
Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемсанэпидқадағалау департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының маманы лауазымынан бастады.
2007-2009 жылдары — Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.
2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы.
2011-2019 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, бас консультант — бас мемлекеттік бақылаушысы, бас консультант-мемлекеттік аудиторы, сектор меңгерушісі.
2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың наурызына дейін — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.
2020 жылдың наурызынан 2022 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директоры.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 21-6 шешіміне сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.
Есеп комитеті Төрағасының құрмет грамотасы, I-дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төс белгісі, III-дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»мерекелік медалімен наградталған.