Баға бақылауда

137
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №11 аумақтық округты аралап тұрғындарымен кездесу өткізді.
Алдымен шаһар басшысы аумақтағы Байзақ батыр-Солтүстік көшелерінің киылысында орналасқан әлеуметтік дүкеннің тауарларын көрді.Азық-түлік тауарларының түр-түрлігі мен бағасы тұрғындарға тимді болғанымен, сөрелерде жарамдылық мерзімі өткен 10 астам тауардың сатылымда екендігі анықталды.Бұл тұрғыда қала әкімі жауапты сала басшысына аталған фактілердің алдағы уақытта орын алмауы туралы тапсырма берді.
Сонымен қатар қала әкімі алқаптарда ауыз су жүргізу және электр қуатымен жабдықтау жұмыстарының деңгейін саралады. Қазіргі таңда, тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында сыртқы магистралдық және ішкі желілерді жүргізу жұмыстары жасалуда.Сыртқы желі жұмыстарды 90% аяқталған.
Алдағы уақытта есептеуіш құралдарды орнату жұмыстары да бастау алатын болады. Сондай-ақ аумақтарға кезең-кезеңмен электр қуатын жабдықтау жұмыстары аясында тұрғындарды абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп қабырғасында өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан жерді заңдастыру,ұялы байланыстың нашар ұстауы, аумаққа аялдама, жаяу жүргіншілер өткелін,жол белгілерін орнату сынды мәселелер көтерілді.Тұрғындар жерді заңдастыру кеінде мемлекеттік органдар тарапынан құжаттарды заңдастыру кезінде мерзімді кешіктіру,аумаққа жауапты мамандардың аз болуы секілді мәселе туралы айтты.Бүгінде 120 арыздың 100 қаралды. Бұл таңда қала басшысы дүйсенбіге дейін арыз мәселесін аяқтап,жерді заңдастыру бойынша аумаққа мем.мекемелер қатарынан көшпелі комиссия ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ мектеп жанына жаяу жүргіншілер өткелін,жасанды кедергілер орнатуды сұрайды.Бұл таңда қала басшысы жауаптыларға тез арада халықтын сұранысын орындауға тапсырма берді. Аумақта банкомат орнату мәселесі туындауда.Бұл бағытта банкке хат жолданды.Сондай-ақ қауапсіздік шараларын ескере отырып, тиісті дүкен аумағы анықталды.Алдағы уақытта аумаққа банкомат орнатылатын болады.
Кездесу барсында өзге де мәселелер көтерілді.Әр мәселе хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.