Жұрттың таңданысын тудырған жаңа өнім

117
Кәсіпкерлікке ден қойған Жамбыл ауданының жастары «Табиғи жержаңғақ паста» өнімін шығаруда.
«Бұл өнім Қазақстанда шығарылмайды. Ал дамыған елдерде бұл «Табиғи жержаңғақ пастасы» мектеп оқушыларының ас мәзіріне енген. Ол баланың ми қызметін, қан айналымын, іш құрылысы, бүйрек пен бауыр жұмысын жақсартады. Сондықтан да мүмкін мұны алдағы уақытта балабақша мен мектеп оқушыларының ас мәзіріне де енгізу керек шығар», – дейді кәсіпкер.
Жұмыс процесі автоматтандырылған. Құрал-жабдықтары да қарапайым, шағын бірнеше станоктан тұрады. Жұмысы қарапайым болғанымен, ұқыптылық пен тазалықты талап етеді. Кәсіпкер жержаңғақты «Ауыл-Береке» базарынан көтерме бағамен сатып алуда. Ал түрлі мөлшердегі пластик құтыларды тиімді болғандықтан Өзбекстаннан алдыртса, «Табиғи жержаңғақ пастасы» деп жазылған жапсырма қағазын баспа орталықтарынан тапсырыспен шығартуда.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.