ШУДА ЖАЙДАРМАН (КВН) ОЙЫНЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

114

Ауданымызда тұңғыш рет «Жайдарман» ойындарының ашық лигасы өткізілді.

Әр өңірден жиналған жалынды жастардың маусымашарын ашып, қағытпа қалжыңдары мен астарлы әзілдеріне аудан әкімі Сәкен Арубаев куә болып қайтты.

Үлкен сахнаға енді ғана қадам басқан бүлдіршіндер мен тәжірибесі толысқан жастар өнер көрсеткен сайыс жоғары деңгейде өтті.

Ерекшелігі бұдан былай Шу аудандық “Жайдарман” ойындарынан жеңімпаз атанған командалар тікелей республикалық лигаға жолдама алмақ.

Аталмыш жобаның жаңа деңгейге шыққанына жиналған жұртшылықта шынайы ықылас танытты.

Маусымашар фестиваліне аудан жастарынан бөлек, ауданымызды республикаға танытып жүрген жерлестеріміз қатысып, жас жайдарманшыларға қолдау білдірді.

Сондай-ақ аудан әкімі Сәкен Қаланұлы өз кезегінде көкпардан еліміздің ұлттық құрама командасының шабуылшысы Ынтымақ Әліпбаев пен актер, кинорежиссер Шыңғыс Әбдібекке құрмет көрсетіп, төсбелгілер табыс етті.

Шара соңында Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы аудандары мен Алматы және Тараз қаласынан келген командалар Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауданымыздағы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.