Өзге ұлт өкілдерімен кездесу

190

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған ақпараттық насихаттау тобының мүшелері Мейіржан Телеушов пен Ақбота Қаңтарбаева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында Шақпақата ауылының тұрғындарымен және өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер айтылды.

Сонымен қатар Жолдауда айтылған бес басым бағдарда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға атсалысып, бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.