Аудан әкімі Сәкен Арубаев ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысып, аудандағы білім саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар аудан басшысы табысты еңбек етіп жүрген мұғалімдер мен білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздарды марапаттап, “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс етті.
Салтанатты шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.
ШУ АУДАНЫ