Көрші елдің Төтенше жағдайлар министрлігі әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жариялаған жоқ деп хабарлады turkystan.kz.
Интернетте Шыршықтағы зауытта болған жарылыстың видеолары тарап кетті. Оқиға 4 қазан күні таңертең болған. Жарылыс дүмпуінен жақын маңдағы тұрғын үйлердің терезелері сынған.
ТЖМ ақпарат қызметі оқиғаға қатысты алдын ала мәлімет берді. Алайда хабарда жарылыстан зардап шеккендердің бар-жоғы туралы нақты мәлімет жоқ.
«4 қазан күні сағат 8:40-та Ташкент облысы Шыршық қаласында орналасқан «Максам Чирчик» АҚ кәсіпорнының синтездеу цехында жарылыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Ташкент облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен қызметкерлері және арнайы техникалар келді. Қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайдың салдары жойылуда. Жағдай бақылауда» делінген хабарламада.