Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

117

Атырау облысындағы тас жолдың бірінде жол апатынан бір адам қаза тауып, бес адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 548-шақырымында болған.

«Форд Транзит» көлігінің 1956 жылы туған жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Урал» және «Лада» көліктерімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Форд Транзит» көлігінің 1967 жылы туған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, 5 адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.