Қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

519

Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты барлық түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер бүгінгі күнге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын. Әйтсе де, жабық мекемелерде жұмыс істейтін еркін жалдамалы қызметкерлердің арасынан екпе алуға қарсылық білдірушілер де жоқ емес. Бұл тұста мекеме әкімшілігі мен ақ халатты абзал жандар оларға жүйелі түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет-ақ.

Тараз қаласындағы қауіпсіздігі орташа ЖД-158/2 мекемесіне арнайы келген облыстық клиникалық-диагностикалық медицина орталығының эпидемолог дәрігері Талғат Көпелбек еркін жалдамалы қызметкерлермен кездесу барысында коронавирустық инфекциядан құтылудың төте жолы вакцина салу, ревакцинадан өту екендігін атап өтті. Талғат Оразбекұлы өз сөзінде мекеме қызметкерлерін маска тағу режімінен бас тартпай, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, халық көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.