Қордай ауданында қоғамдық бақылау жұмысын жандандыру қажеттігі айтылды

104

2022 жылдың 29 шілде күні Департамент басшысының бірінші орынбасары Е.Мақажанов Қордай ауданында іс-сапарда болды. Іс-сапар барысында Қордай ауданының әкімі М.Мұсаевтың, бөлім басшыларының және ауыл әкімдерінің қатысуымен өткен жиында бірқатар өзекті мәселелер бойынша тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы Агенттікке жұмысты жүйелі жемқорлықты жоюға, кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, өңірдегі тұрғындарды толғандыратын басты мәселелерге бағыттауды тапсырды. Қазіргі таңда, облыста сыбайлас жемқорылық тәуекелдерінің картасы әзірленді. Картаға сәйкес, басты мәселелер жол және құрылыс салу, тұрғындарды ауыз сумен, газбен, тұрғын үймен қамтасыз ету, ал, шаруаларды жайылымды жермен және суарламы сумен қамтамасыз деп бекітілді.
Осы орайда Е.Мақажанов аудан әкімі М.Мұсаевқа аудандағы ірі құрылыс жұмыстарын жеке бақылауға алуды, қоғамдық кеңес, депутаттар және ауыл белсенділері қатарынан комиссия құруды және қоғамдық бақылау жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныс енгізді. Сонымен қатар, «Атамекен» филиалына жемқорлық деректері, кәсіпкерлерді ауре сараңға салу жағдайы орын алатын болса, Департаментке хабарласуға болатынын жеткізді. Алдын алу жұмыстары да күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында екені айтылды.
Аудан әкімі М.Мұсаев өз кезегінде жиналыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама әзірленіп, хаттамалық тапсырмаға сәйкес барлық жұмыстар сапалы орындалатынын жеткізді.
Сонымен қатар, сала мамандары аудандағы білім беру мен денсаулық сақтау салалары, мемлекеттік кірістер және полиция департаменті қызметкерлерімен арнайы кездесулер өткізіп, тұрмыстық жемқорлықтың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылы туралы айтып өтті. Азаматтар қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған жаңдайда, Агенттіктің 1424 колл-орталығына хабарласу керектігі туралы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.