«AMANAT» ауыл әкімдерін оқытуды бастады

103

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқыту бағдарламасын бастады. 11-20 шілде аралығында өңірдегі 160-тан астам ауыл әкімі халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курстарынан өтетін болады.
Үш күнге жалғасатын семинарлар «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбында өткізілуде.
Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренеді. Сондай-ақ, ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқыту ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруды үйренеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру, туризмде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік табыстың өсуін ынталандыру бойынша өзара тәжірибе алмасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.