Белгілі кино және театр актеры Асанәлі Әшімовтің көлігіне тағып алған номері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Желіде жарияланған видеода қара түсті жол талғамайтын көліктің мемлекеттік номерінің орнына «ASANALI» деген жазу ілінген. Ал полициялар арнайы қызметтік көлікпен ілесіп жүрген. Көлік жол жиегіне аялдаған кезде Асанәлі Әшімовке бірнеше полиция қызметкері құрметпен амандасып жатқаны байқалады.
Желі қолданушыларының бірі мұның заңсыздық екенін айтса, енді бірі ұлы өнер иесіне деген құрмет деп бағалап жаттыр.
“Асанәлі Әшіміовке заң жоқ па сонда? Номер тақпайды дейсің ғой. Гаишниктер тоқтатпақ түгілі, қолын сүйейін деп жүр ғой”, “Жаңа Қазақстан деген осы ма?”, “Бәріне бірдей болуы керек. Әйтпесе, еліктегендер есіріп кетеді”, десе, енді бірі “Міне, құрмет”, “Круто”, “Жүре берсін. Асанәлі біреу-ақ қой!”, – деген түрлі пікірлер жазылуда.
Айта кетейік, Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толып жатыр.
Актерлікпен қатар режиссерлікке бет бұрған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов театры сахнасында «Амангелді», «Мен ішпеген у бар ма?», «Ақбілек», «Ревизор», «Фархад-Шырын»,»Қаза мен жаза» және өзге де қойылымдарды қойды. Ал «Қазақфильм» киностудиясында «Аждаһа жылы», «Шоқан Уәлиханов», «Жусан»,»Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Тұзды көл жағасындағы үй» фильмдерін түсірді.