Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қысқартылды

949

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қызметтер стандартына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 минутқа қысқарды. Ал, портал арқылы өтініш 60 минут ішінде қаралады. Енді облыс тұрғындары Мамандандырылған ХҚО бөлімінде ұзақ кезек күтпейді.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында тіркелген көлік құралдарын тексеруді реттейтін норма алынып тасталынды. Емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына жарамдылық мерзімі өткенге дейін оны ауыстырған жағдайда жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама ұсыну талап етілмейді.

Электронды үкімет порталында көлік құралдарын тіркеу құжаттарды электрондық беру және дайын құжаттарды қызмет алушының мекен жайы бойынша жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ, көлік құралының иесі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінен бөлек, тіркеу және емтихан алу пунктері мен мамандандырылған ХҚО — дағы қолда бар цифрлық және (немесе) әріптік белгілеуін таңдай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.