Әлішер Кәрімов пен Маржан Арапбаеваның биі қызу талқыға түсті (видео)

373

Әлеуметтік желілерде Әлішер Кәрімов пен Маржан Арапбаеваның видеосы тарап кетіп, ел арасында қызу талқыға түсті. Қалың көпшілікке өнердегі әріптестердің биі ұнамай қалған.

Қос әншінің бірге билеген видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбада Әлішер Кәрімовтың би кезінде Маржан Арапбаеваны өзіне қарай тартып алғанын көруге болады.

Жұлдыздардың бұл қылығы желі қолданушыларға бірден жақпай қалған көрінеді. Оқырмандар қос әртісті де қатаң сынға алып, оларға қатысты түрлі пікірлер қалдырған.

«Қанша жақын араласып дос болса да, отбасы бар әйел адам өзін басқаша ұстау керек», «Ұят нәрсе, не қылық бұл», «Көзі аларып тұр, мас сияқты», «Не дегенмен жолдасы бар. Бұл әрекеті дұрыс емес деп ойлаймын», «Cөзім жоқ жұлдыздарға», «Ұят қайда? Жолдасы қайда қарап тұр?», — деп жазуда желідегілер.

Арапбаева өзіне сыни пікірлер жауғаннан кейін оқырмандарының алдында аталмыш жайт үшін жауап бере кетуді жөн көрген. Ол Әлішерді жақын досы екенін айтып, жолдасы екеуінің жақсы араласатынын да жеткізді.

«Менің жан досым Әлішер! Мені жақсы көретінін әрдайым айтады. Мен де оны жақсы көремін. Менің жолдасым да оны қатты сыйлайды. Ол Әлішерді бауыры, досы және жерлесі ретінде жақсы көреді. Тараздың жігіттері зың-зың ғой», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.