Бүгін Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде қала әкімі аппаратының бас инспекторы С. Үсіпбеков №1 аумақтық округінің тұрғындарына есеп берді. Жиынға қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев қатысты.
Кездесу барысында округ тұрғындары өз сұрақтарын қойып түрлі мәселелерді қозғады. Оның ішінде:
• Төле би және Рысбек батыр көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолын жөндеу,және аялдама орнату.
• Рысбек батыр көшесі № 9а, 7а, 4а үйлердің жылу жүйесі нашар болуы.
• Төрткөл тұрғын алқабына қатынайтын қоғамдық көліктерін көбейту.
• Сұлтанбаев көшесімен жүк көліктері жиі жүруіне байланысты жол белгілерін орнату.
• Қ.Жалайыри көшесінің бойындағы арық жүйелерін қайта қалпына келтіру секілді мәселелер қозғалды.
Барлық мәселе тіркеліп,жауапты бөлім басшылары бекітілді. Алдағы уақытта барлық мәселе зерделеніп, шешімін табатын болады.