Ұлттық мереке қарсаңында белсенді «нұротандықтар» марапатталды

243

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Б.Сапарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға партия саяси кеңесімен бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері менбелсенді нұротандықтар қатысты.Бердібек Машбекұлы аталмыш шараға жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласындағы және «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жинағындағы басты құндылықтарын, партияның 7 жетістігін,өңірдің даму көрсеткіштерінайтып өтті.

Филиал төрағасы өз сөзінде: «Партияның Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қол жеткізген толағай табыстары мен биік жетістіктерінде – жамбылдық «нұротандықтардың» да сүбелі үлесі бар.

Бірінші. Партия жұмысы жүйелі «қайта жаңғырудан» өтті. Саяси тәжірибе тарихында алғаш рет республика көлемінде праймериз өткізілді. Бұл «Nur Otan» қатарына бәсекеге қабілетті жаңа тұлғаларды тартуға және партияның сайлауалды тізімін 80%-ке жаңартуға мүмкіндік берді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 70%-ке жаңартылды.

Екінші. Ковидке қарсы тиімді шаралар іске асырылды.

Партия Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған тек «Biz Birgemiz» акциясы аясында 39 мың адамға 1 млрд. 945 млн. теңге материалдық көмек көрсетілді.

Үшінші. Халықтың әртүрлі топтарын нақты қолдау қамтамасыз етілді.Партия волонтерлер қозғалысын күшейтті, партиялық тізімге 20%-тік жастар квотасын енгізді. Жастардың талап-тілегі 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында айқын көрініс тапты.

Төртінші. Халықтық сайлауалды бағдарламалар әзірленді.

Праймериз және сайлау науқаны кезінде жиналған тұрғындардың талап-тілегі негізінде облыс, қала мен аудан үшін алғаш рет 12 сайлауалды бағдарлама жасақталды. Бұл алдағы бес жылға арналған дамудың жол карталары.

Бесінші. Партия мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында айқын жеңіске жетті.Бәсекелестік негізде партия сайлауда 79,5% дауыс жинады.

Алтыншы. Сайлауалды уәделердің орындалуына жүйелі бақылау жүргізудің тиімді құрылымы қалыптасты.Нақты индикаторлар мен мақсатты көрсеткіштері бар 12 жол картасы қабылданды, қоғамдық кеңестер құрылды.

Фракциядағы 175 депутаттың жұмысын жандандыру үшін рейтинг жүйесі іске қосылды. Ол келесі жылдың ақпан айынан бастап жария түрде жүргізілетін болады.

Жетінші. Ауыл әкімдері алғашқы тікелей сайлауда айқын жеңіс қамтамасыз етілді.ҚР «Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау науқанында да партия өзінің белсенді позициясын көрсетті.  Бүгінге 53 ауылдық округтің әкімі тікелей сайлау арқылы сайланса, оның 46-сы «Nur Otan» партиясының мүшелері.- деп атап өтті.

Жиын соңында филиал төрағасы «Nur Otan» партиясына жемісті еңбек сіңірген партия мүшелеріне «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерін табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.