Сотталған азаматтар «Сағым» фильмін тамашалады

195

Бүгін жоспарға сәйкес өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің назарына «Сағым» толық метражды көркем фильмі ұсынылды. Облыс әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен облыстық кино орталығының қолдауымен түсірілген аталған фильмнің берері мол.

Киноны тамашалаған жан ерекше әсерге бөленіп, қоғамда болып жатқан оқиғалармен бетпе-бет келгендей күй кешеді. Сотталғандар бұл киноны көріп отырып бақыт пен бақытсыздықты, тура жол мен бұрыс бағытты бағдарлап, бейбіт күннің қадірін бағамдай түскендігін жасыра алмады.

— Фильмде бала күнінен біріне-бірі сүйеніш болған бауырлардың тағдыры туралы баяндалады. Ағайындының бірі – Сырым мешітке барып жүріп жат ағымдағы Баханы кездестіріп, ол Сырымға «көмектеседі». Ақырында, оның арбауына түсіп, жат ағымның жетегіне ерген Сырым Баханың үйіне көшіп тынады. Осылайша, фильмнің қызықты эпизоттары басталады.
Жалпы, көркем фильмде Хақ дінді танимын деп, өзгенің қаңсығын, таңсық қылғандардың тағдыры шебер суреттеледі. Тағдырдың түрлі жолымен темір торға тоғытылғандарға бұл киноның берері мол деп ойлаймын. Қателікті кеш болса да, түзеткен жақсы емес пе? Бізге осындай фильмді көру мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз, — дейді фильмді тамашалаған сотталған азаматтың бірі өз ойымен бөлісіп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.