Жастар елімен бірге

474

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары #BIZBIRGEMIZ республикалық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарып жатыр.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген алғашқы күні-ақ «Жібек жолы» және «Ақ-сұңқар» қозғалысының волонтерлары қарапайым халыққа қандай жолмен коронавирустың алдын-алуға болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға вирустың басты белгілері мен инфекция жұқтырған адамға алғашқы көмек көрсету түрлері көрсетілген ақпараттық парақшалар мен үнқағаздар таратып шықты.

ТЖ кезінде елде маска мәселесі шешілмей тұрғаны анық. Осы мәселені шешу үшін волонтерлар мен колледж қызметкерлері қолдан маска тігіп, қоғамдық жұмыста жүрген азаматтарға тегін таратты. Қаланың тазалығына жауапты аула сыпырушылары көп реттік медициналық маскалармен қамтылды. 200 дана бетпердені тігуге 12 метр шыт мата мен 10 метр резіңке кеткен. Қазіргі кезде тағы да маскалар тігіліп жатыр, алдағы уақытта дайын болған маскаларды қарапайым тұрғындарға тарату жоспарда бар. Жалпы облыс бойынша 2500-ге жуық маска таратылды. Оның ішінде, Шу ауданы 100, Жуалы 300, Жамбыл 500, Сарысу 400, Меркі 180, Тараз қаласы 1080 дана маска таратты.

Сондай-ақ, Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Jas Otan» жастар қанаты мен Жастар басқармасының жанындағы облыстық волонтерлар қозғалысы бірлесе #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналардың және жалғыз ілікті қариялардың үйінде болды. Оларға азық-түлік, жеке гигиеналық заттар үлестірді. Арнайы жабдықталған қорапшаларға салынып,  таратылды.  Сонымен қатар, тұрғындарға вирустың жұғу жолдары жазылған арнайы флаерлер беріліп, түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

#BIZBIRGEMIZ акциясы аясында 170 отбасына қорапшалар үлестірілді. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Жамбыл өңірінде «Біз біргеміз» ұранымен аймақ бойынша 500-ден астам отбасыға бару жоспары бар.

Жамбыл облысында волонтерлықты іске асыруда 9 жоба 21 бағытта жұмыс жасайды. Сол бағыттардың бірі — «Қоғамдық сақшы» жобасы. Жыл басынан жұмыс жасап жатқан жобаға «Жібек жолы», «Ақ сұңқар», «Темір қазық» волонтерлік қозғалыстары мен облыстық «Jas Otan», «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар ұйымының еріктілері тартылған.

 «Қоғамдық сақшы»  жобасының аясында еріктілер мереке күндері қадағалау шараларын күйшейтті. Атап айтатын болсақ, саябақтарда, көшелерде, мөлтек аудандарда COVID-19-тан сақтанудың жолы, үйден бей берекетсіз шықпау,  адам көп шоғырланатын орындарға жиі бармау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мейрамхана, ойын орталықтары, кафелер мен асханалардың 22.00-ден кейін жабық болуын полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе рейдтік жұмыстар ұйымдастыруда. Еріктілер өз бастамасымен COVID-19 пандемиясына қарсы Қазақстан Республикасында карантин жарияланғаннан бастап күнделікті барлық қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  Осы уақытқа дейін 10 мың үнқағаздар, бүктемелер мен медициналық маскалар таратып, 15 рейд өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.