Ауданның «Құрметті азаматтары» ардақталды

731

Еліміздің төл мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында толағай табыстарға жетуімізге, туған жеріміздің түлеуіне, әр саланың ілгерілеуіне үлесін қосып жүрген айтулы азаматтарымыз «Шу ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді. Яғни, ауданның беткеұстар Құрметті азаматтарының қатары 10 адамға артты.

Абыройлы атақты аудан әкімі Нұржан Календеров және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев салтанатты түрде табыс етті.

Атап өтер жағымды жаңалық, салтанатты жиында Жексенбай Ошановқа «Шу ауданының Құрметті азаматы» атағына қоса «Қазақстанның Құрметті заңгері» деген мерейлі марапатқа ие болып отыр. Бұл-мақтанарлық мәртебе. Қуанышты сәтте бір-бірін құттықтасқан ел ағалары естелікке суретке түсті.

Марапаттардың ішіндегі шоқтығы биік тұратыны туған жеріңнің сыйлысы болу, ауданыңның «Құрметті азаматы» болу екендігін бір ауыздан мақұлдаған марапат иелері өздерінің алғыстарын ақтарып, жылы лебізбен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.