«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері, облыстағы медициналық мекемелерге бір күндік жалақысынан коронавирустық пандемияны емдеуге қажетті 6 оттегі концентраторларына қаражат жинап, тапсырды.
Айта кету керек, бір құрылғы екі науқасқа арналған, яғни он екі адамның тез қалпына келуіне ықпал етеді.
Филиал ұжымы, бірлескен күш-жігердің арқасында көп ұзамай бұл ауруды жеңеміз деп сенеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі