Мойынқұмда «Жол картасы» аясында 52 жоба жүзеге асырылуда

885

Мойынқұм ауданы бойынша «Жол картасы» бағдарламалары аясында 52 жоба жүзеге асырылып, ашылатын жұмыс орны 462 адамды құрайды деп жоспарланып отыр. Оның ішінде: Жұмыспен қамту орталығы арқылы 233 адам, тұрақты жұмыспен 6 адам қамтылады. Бұнымен қоса, жұмыспен қамту орталығына қосымша Республикалық бюджеттен ақылы қоғамдық жұмыстарға 4 айға жалақысы 85000,0 теңгеден 446 адамға 158,4 млн. тенге жастар тәжірбесіне 164 адамға 71,5 млн теңге, бөлінді.
Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты аясында жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік грантқа 110 адамға- 61,4 млн.теңге бөлінді. Жұмысқа орналасу және қандай жұмысшыларға сұраныс бар екендігін білу үшін аудан тұрғындары жұмыспен қамту орталығына барып, нақты ақпарат ала алады.

Анықтама алу үшін байланыт телефон 8(76242) 2-49-70

 Ж.Сқақов,

Мойынқұм ауданы жұмыспен қамту орталығының маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.