Өңірлік ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады

604

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Миржан Смагулов және өңірлік Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының басшысы Ғабит Айтенов ЖД-158/1 мекемесіндегі сотталғандар мен тергеудегі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында қылмыстық істер, жаза мерзімін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері көтерілді. Aзаматтарды мұқият тыңдаған департамент бастығы Миржан Нурмухаметұлы, өңірлік Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының басшысы Ғабит Абдрахманұлы олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.