Қос зейнеткер ерікті атанды

288

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан», — деген сөз бар. Ерікті волонтер болу дегеніміз – риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау.

Ал түзеу мекемесінен босап келіп, қоғамға қайта бейімделуде қиындыққа тап болып, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын сотталған азаматтардың жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу — екінің бірінің қолынан келмейтін іс.

Жуырда Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің зейнеткерлері – Берік Жарылқасынұлы Бектеміров, Алмас Әділханұлы Садуов өз қалауларымен ерікті атанып, ақысыз көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Қос ардагер аудандық Пробация қызметінің бастамасымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойып, еріктілер жылында аянып қалмайтындықтарын баса айтты. Енді талай жыл полиция бөлімінде қызмет етіп, құқықбұзушылықтарға жол бермеген зейнеткерлер бұдан былай аудандағы Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуды түсіндіру сондай-ақ қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шараларға белсене араласпақ.

Мойынқұм аудандық Пробация қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.