Жамбыл облысында кіші және орта бизнес жұмысына араласудың 20 дерегі тіркелген. Оның ішінде, мәселен, Жамбыл облысы ҚАЖД-нің УЖД-158/7 мекемесінің басшысы Молдабековқа және оның орынбасары Темірланға қатысты ҚР ҚК-нің 366 б. жеке кәсіпкер Шамшидиновтан жалпы қамқорлық үшін 150 мың теңгені және ағаштан жасалынған 6 астау өнімдерін пара ретінде алу дерегі бойынша қозғалған іс тергеумен ақталды. Соттың шешімімен Молдабековқа 4 млн. және Темірланға 8 млн. теңге көлемінде айыппұлды төлеу жазасы белгіленді және республикалық – 1, облыстық – 3, ал қала, аудан деңгейіндегі басшыларға қатысты – 9 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде, мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бір қатар лауазымды адамдарына қатысты ҚР ҚК-нің 361, 369, 189, 190 б.б. қозғалған қылмыстық іс тергеумен аяқталды. Аталған қылмыстармен келтірілген залалдың 16 млн. теңгеден асқан. Соттың шешімімен аталған басқарма басшысының орынбасары Заурбеков 4 жыл бас бостандығына айыру, Қосқұдық мекемесінің директоры Нурмалдаев 4 бас бостандығын шектеу, Қарақоңыз мекемесінің директоры Орумбаев 3 жыл бас бостандығын шектеу, «Шынбота» ЖШС-нің директоры Солтаев 3 жыл бас бостандығын шектеу, «Нурсаудакент» ЖШС-нің директоры Канатбеков 2 жыл бас бостандығын шектеу жазаларына сотталды.
Жоғарыда көрсетліген деректердің барлығы басшы құрамындағы қызметкерлерге қатысты қозғалған. Бұл серпін алаңдаушылық тудырады.