«Парасаттылық сағатында» жемқорлықпен күрес негіздеру үйретіледі

362

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған «парасаттылық сағаты» үздіксіз ұйымдастырылады. Дәріс жоғарғы және арнаулы орта білім ордаларының ұстаздары мен студенттері және оқушылар арасында өткізіледі. Бұл жолы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров «Тараз Темір жол» колледжінің ұстаздары мен Тараз қалалық №33 орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Департамент халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен айналысады. Елде парасатты азаматтар көп болса, сыбайлас жемқорлық соғұрлым аз болады Оқушылар үшін парасаттылыққа бірінші қадам- сыныптастарына сенім білдіріп, қиын жағдайда қолдау көрсету. Сондай-ақ қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру, зейнеткерлерге көмек көрсету, жоспардан тыс аумақты тазалау, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша Волонтерлер күндерін, оқушылар, ұжымдық әріптестер арасында парасаттылық, академиялық адалдық қағидаларын нығайту және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәселелері жайы да айтылды. Алдағы уақытта да департамент қызметкерлері «Парасаттылық дәрістерін» оқытуды күн тәртібінен түсірмейтін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.