Жастар саясатының жүзеге асу барысы қаралды

471

Бүгін аудан әкімдігінде мемлекеттік жастар саясатының Сарысу ауданында іске асырылуы туралы кеңес отырысы өтті.
Жиынға Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық талдау-жұмысы бөлімінің басшысы Абдралиев Фархат Үсіпжанұлы және аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері,мекеме басшылары, аудан жастары қатысты.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек төарағалық еткен жастар отырсында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Байқадам ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» Байқадам ауылдық округінің әкімі Назарбеков Амантай Қалдыбайұлыңың хабарламасы тыңдалды.
Екінші мәселе, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» арналған бағдарламаның іске асырылуы туралы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Абдраев Темірлан Амандықұлы баяндама жасады.
Хабарламашыға аудан басшысы «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа қанша жас қатысып грант алғанын, олардың жұмыстары бақылауда ма?
Сонымен қатар «Бастау бизнес» кәсіпкерлік курсын оқыған жастар қазіргі таңда немен айналысып жатыр? Оқуды тиімді ұйымдастыруда қандай шаралар қолдандыңыз?,-деген маңызды сауалдар қойып, нақты тапсырмалар берді.
Үшінші мәселе, аудандағы жастар саясатының іске асырылуы барысына «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Жұмағұл Жадыра Ертайқызы тоқталды.
Жастар басшысының хабарламасында аудандағы жастардың жыл бойы әрсалалардағы жеткен жетістіктері, жобалары мен тәртіп, тәрбиесі, еткен еңбектері, алдағы күнге жасалған жоспарлары кеңінен айтылды.
Хабарламашыға келесі жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғанына байланысты алдағы жоспары туралы сұрақ қойылды.
o Кеңес отырысында Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық талдау-жұмысы бөлімінің басшысы Фархат Абдралиев сөз сөйлеп: — Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастар.Мемлекеттің дамуы, өсіп — өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл аударуды талап етуде.
Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы жәнеде қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.
Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резервi», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Қолжетімді баспана – 2020» және тағы да басқа бағдарламалар Қазақстан жастарына арналған тамаша мүмкіндік деуге болады.Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады.Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп,алған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз,-дей келе жастарды жаңашыл істере бірге болуға шақырып, сәттілік тіледі.
Жиынды аудан әкімі Қ.Мәдібек қорытындылап:
— Бүгінгі жиында жастар саясатына қатысты бірқатар мәселелерді талқыладық.
2020 жыл Еріктілер жылы болғандықтан жастарға қатысты әрбір мәселе шешімін табу керек. Сондықтан, мемлекеттік жастар саясатының әрбір мәселесіне жеңіл қарауға болмайды. Жиынға қатысушылар, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, жалпы барлық мүдделі ұйым басшылары жұмылып, мемлекеттік жастар саясаты саласын қолдай отырып нақты жұмыстарды жүргізуіміз қажет.
Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.Сол себепті де, елбасымыз алдағы уақытта жастарымыздың талай белестерді бағындыратына да сеніміміз мол,-деді.
Жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, басқосу соңы еркін-пікір алмасуға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.